Ел азаматтары зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге жұмсай алмауы мүмкін
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу ережесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. «Ашық НҚА» порталында Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген бұйрықтың жобасы пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерінен медициналық қызметтің бір түрін алып тастауды ұсынған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
«2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызмет көрсету (тісті протездеу, имплантациялау) қағидаларының 1-қосымшасының 2-тармағының қолданысын тоқтата тұруды бұйырамын», делінген хабарламада.
Осылайша, жаңартылған бұйрық күшіне енсе, онда 10 тамыздан бастап ел азаматтары аталған стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинақтарын жұмсай алмайды.