Төтенше жағдай: Филиппинде «Гэми» тайфуны 16 адамның өмірін қиды
Филиппинде «Гэми» тайфуны 16 адамның өмірін қиды.Толассыз жауған жаңбыр мен қатты су тасқынына байланысты Филиппин астанасы Манилада төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Көптеген үкіметтік ғимараттар мен барлық мектептер жабық.Қор биржасы да сауданы тоқтатты.
Мегаполисте судың биіктігі кей жерлерде метрге жетіп, көптеген жолдар жабылды.
Апат салдарынан ондаған мың адам баспанасыз қалып, эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.
Филиппиннің әртүрлі аймақтарындағы 770 мыңға жуық зардап шеккендерге үкіметтен қаржылай көмек көрсетіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: