2100 жылы әлемде халық санында тосын өзгеріс болуы мүмкін
Қазір әлемдегі халық саны 8 миллиардтан асты. Зерттеудегі болжам бойынша 2084 жылы жер шарындағы халық саны 10,3 миллиардқа жетеді. Ал 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш 10, 2 млрд болып, халық санының азаю құбылысы байқалуы мүмкін. Қызығы, қазіргі уақытта халық саны бойынша көш бастап тұрған Қытай мен Үндістанда табиғи өсім төмендеуі ықтимал. Аталған елдерде өлім-жітім бір жылдағы туу көрсеткішінен 10,5 млн және 7,4 млн адамға асып түсуі болжанып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Керісінше, халықтың ең жоғарғы табиғи өсімі 2100 жылға қарай Конго, Танзания, Эфиопия және Пәкістанда болмақ.
Ал Ресей, Германия, Украинада болжалды жыл шамасында халық санының төмендеуі болжанып отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: