Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

ҰБТ өткізу ережесіне тағы өзгерістер енгізілді
6 шілде 2024 / Новости Казахстана

ҰБТ өткізу ережесіне тағы өзгерістер енгізілді

Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылы 28 маусымдағы бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құжатта шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының түсушілерін қоспағанда, түлектер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіні белгіленген. Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары топтары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсушілерді қоспағанда, Қазақстан азаматы саналмайтын ұлты қазақ адамдар оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады. 

"Бала тілі орысша шығып жатыр" Танымал ақын қазіргі шындықты айтты
6 шілде 2024 / Новости Казахстана

"Бала тілі орысша шығып жатыр" Танымал ақын қазіргі шындықты айтты

Ақын Бақыт Беделхан Дулат Тастекейге берген сұхбатында телевизия - ұлттық идеологияның негізгі қаруы екенін жеткізді. Ақынның айтуынша, теледидардан көрсетіліп жатырған орысша мультфильдердің кесірінен көпшілік баланың тілі орысша шығып жатыр. 

Кир Стармер Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды
6 шілде 2024 / Мир

Кир Стармер Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды

Лейбористер партиясының басшысы Кейр Стармер Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды. Оны тағайындау туралы жарлыққа король III Карл қол қойды, деп жазады The Guardian. Стармер «Ұлыбританияны қалпына келтіруге» уәде беріп, «жұмыс дереу басталады» деді. 

Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті
6 шілде 2024 / Мир

Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті

Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті. Консервативтік партия парламенттік сайлауда жеңілгеннен кейін Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті. «Мен сіздердің ашуға толы дауыстарыңызды естідім», - деп келтіреді Би-би-Си Сунактың Даунинг-стритте сөйлеген сөзінен. 

Қытай ағынды су тазарту қондырғыларын орнатуға ниетті
6 шілде 2024 / Новости Казахстана

Қытай ағынды су тазарту қондырғыларын орнатуға ниетті

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бірқатар қытайлық ірі компания өкілдерімен кездесу өткізді. Нұржан Нұржігітов өз кезегінде жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы су қоймаларын реконструкциялау, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстарындағы суару жүйелерін жаңғырту жөніндегі министрліктің жоспарлары туралы айтып берді. Су ресурстары және ирригация министрі Power China компаниясының президенті Тань Сяофэнмен кездесті. Министрлік пен Power China Қазақстанның су шаруашылығы мамандарын Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп келісті. 

Балаларына алимент төлемеген борышкерлер қамауға алынды
6 шілде 2024 / Новости Казахстана

Балаларына алимент төлемеген борышкерлер қамауға алынды

Атырау облысында балалары үшін алимент төлемей жүрген екі борышкердің ісі сотта қаралды. Сот қаулысымен борышкерлер қамауға алынды. Қызылқоға аудандық сотының ақпаратына сүйенсек, борышкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінің талабын бұзған. 

Астанада жасы 100-ден асқан 21 қария тұрады
6 шілде 2024 / Новости Казахстана

Астанада жасы 100-ден асқан 21 қария тұрады

Елорда күні қарсаңында ұлттық статбюро қызық статистика ұсынды. 2024 жылдың 1 маусымында қаладағы халық саны 1 464 415 жеткен. Оның 696 234 — ерлер, 768 181 — әйелдер. 2023 жылы Астанада туған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жас. Бұл көрсеткіш ерлер арасында — 74,23 жас, әйелдердікі — 81,28 жас.