Қазақстан жаңалықтары6 шілде 2024, 10:35

Астанада жасы 100-ден асқан 21 қария тұрады

Елорда күні қарсаңында ұлттық статбюро қызық статистика ұсынды. 2024 жылдың 1 маусымында қаладағы халық саны 1 464 415 жеткен. Оның 696 234 — ерлер, 768 181 — әйелдер. 2023 жылы Астанада туған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жас. Бұл көрсеткіш ерлер арасында — 74,23 жас, әйелдердікі — 81,28 жас, - деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін — 28,2 жас, әйелдер үшін — 26,4 жас болды, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті — 1000 адамға 19,50.

Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам.

Астана қария Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар