Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті
Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті. Консервативтік партия парламенттік сайлауда жеңілгеннен кейін Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті. «Мен сіздердің ашуға толы дауыстарыңызды естідім», - деп келтіреді Би-би-Си Сунактың Даунинг-стритте сөйлеген сөзінен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол, сондай-ақ, кандидатура анықталған бойда партия басшысы қызметінен кететінін де баса айтты.
Бұған дейін Риши Сунак партиясынан және сайлаушыларынан кешірім сұрап, лейбористер жетекшісі Кир Стармерге Ұлыбритания үкіметінің жаңа басшысы ретінде сәттілік тіледі.
Түске таман Букингем сарайының баспасөз қызметі Сунактың британ королі Чарльз III-мен кездесу өткізгені және оның үкімет басшысы қызметінен кетуін қабылдағаны туралы хабарлама таратты.
Кир Стармер бүгін түстен кейін премьер-министр резиденциясында британ халқына сөз сөйледі.