Кир Стармер Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды
Лейбористер партиясының басшысы Кир Стармер Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды. Оны тағайындау туралы жарлыққа король III Карл қол қойды, деп жазады The Guardian. Стармер «Ұлыбританияны қалпына келтіруге» уәде беріп, «жұмыс дереу басталады» деді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Премьер-министр қызметінен кеткен консерватор Риши Сунак, өз кезегінде, сайлаушылардың «ашуы мен көңілін қалдырғанын» естіп, өткен сайлауда Консервативті партияның жеңілісі үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын айтты.
(Суретте: Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Кир Стармер және король Карл III)
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: