Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді
2 шілде 2024 / Sport

Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық, 36 жастағы Анжелика Кербермен бетпе-бет келді. Путинцева матчты қарқынды бастады – 3:0. Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді – 7:5. 

Үндістанда діни рәсімде 100-ден артық адам қаза тапты
2 шілде 2024 / Мир

Үндістанда діни рәсімде 100-ден артық адам қаза тапты

2 шілдеде Үндістанның Уттар-Прадеш штатында діни шара кезінде кептеліс салдарынан 100-ден аса адам қаза тапты. Қайғылы оқиға жүздеген адам қатысқан сатсанг (сыйыну рәсімі) кезінде болған. Қоғамдық денсаулық сақтау орталығынан түсірілген видеода бірнеше мәйітті автобуспен алып бара жатқанын және туыстарының жылап жатқанын көруге болады. 

EURO-2024: Нидерланд ширек финалға жолдама алды
2 шілде 2024 / Sport

EURO-2024: Нидерланд ширек финалға жолдама алды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 2 шілдеде Нидерланд ширек финалға жолдама алды. D тобында сынға түскен нидерландтық футболшылар жанкүйер көңілінен шығарлық ойын көрсете алған жоқ еді. Топтық кезеңде Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде төрт ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. 

Финляндия парламенті АҚШ-пен қорғаныс туралы келісім жасасты
2 шілде 2024 / Мир

Финляндия парламенті АҚШ-пен қорғаныс туралы келісім жасасты

Финляндия парламенті АҚШ-пен қорғаныс туралы келісім қабылдады.  Келісімге сәйкес, Финляндия АҚШ әскері пайдалануы мүмкін 15 әскери қондырғы ашады. Сонымен қатар АҚШ Финляндия аумағына әскери қызметкерлер мен әскери техниканы жіберуге мүмкіндік алады. 

Германия тұрғындары арасында ажырасу азайған
2 шілде 2024 / Мир

Германия тұрғындары арасында ажырасу азайған

2023 жылы Германияда 129 мыңға жуық неке сот шешімімен бұзылған. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға аз, сонымен қатар ажырасудың 1990 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіші, деп хабарлайды Висбадендегі Федералдық статистика басқармасы. 

Биыл мемлекетке 312 млрд теңге қайтарылды
2 шілде 2024 / Новости Казахстана

Биыл мемлекетке 312 млрд теңге қайтарылды

Бас прокуратурада облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн қосылуымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. 

Human Rights Foundation: Юлия Навальная құқық қорғау ұйымының төрағасы болды
2 шілде 2024 / Мир

Human Rights Foundation: Юлия Навальная құқық қорғау ұйымының төрағасы болды

Юлия Навальная Адам құқықтары қорының (HRF) құқық қорғау ұйымының төрағасы болды. Бұл лауазымда Алексей Навальныйдың жесірі оппозиционер Гарри Каспаровтың орнына келді. Гарри қорды 2012 жылдан бері басқарды. Юлия Навальная "демократиялық принциптерге деген мызғымас адалдығымен" және "күйеуін табанды қолдауымен" танымал болған адам HRF жұмысына мол тәжірибе әкеледі, делінген ұйымның мәлімдемесінде.

Малайзия Ташкентте жанармай құю станцияларының желісін құрмақ
2 шілде 2024 / Евразия

Малайзия Ташкентте жанармай құю станцияларының желісін құрмақ

Малайзия Ташкентте жанармай құю станцияларының желісін құрғалы жатыр. Олар заманауи құралдармен  жабдықталады, кейін оны Өзбекстанның басқа аймақтарына да кеңейту жоспарлануда. Өзбекстан Елшісі Каромиддин Гадоев FIVE Petroleum Malaysia компаниясының негізін қалаушы және бас директоры – Король Лим Чин Фуимен ресми келіссөздер жүргізді.