Әлем2 шілде 2024, 17:23

Германия тұрғындары арасында ажырасу азайған

2023 жылы Германияда 129 мыңға жуық неке сот шешімімен бұзылған. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға аз, сонымен қатар ажырасудың 1990 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіші, деп хабарлайды Висбадендегі Федералдық статистика басқармасы, - деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылы ажырасқан жұптар орта есеппен 15 жылдай бірге өмір сүрген.

Шамамен 17%-ы 25 жылдық некеден кейін ажырасып кеткен.

Айта кетейік, Германияда ажырасу туралы арыз бермес бұрын ерлі-зайыптыларға бұл туралы ойлануға уақыт беріледі. Бір жылдан кейін олар түпкілікті шешім қабылдай алады.

Ажырасу статистикасы төмендеу тенденциясы сонау 2003 жылы басталғанын көрсетеді.

Бірақ сонымен бірге немістердің ажырасуы ғана емес, үйленгендер азайған.

2023 жыл 1950 жылдан бері некеге тұрудың ең төменгі көрсеткіштерінің бірі болды.

Германия Ажырасу азайған үййлену

Тақырыпқа жаңалықтар