Спорт2 шілде 2024, 23:25

EURO-2024: Нидерланд ширек финалға жолдама алды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 2 шілдеде Нидерланд ширек финалға жолдама алды. D тобында сынға түскен нидерландтық футболшылар жанкүйер көңілінен шығарлық ойын көрсете алған жоқ еді. Топтық кезеңде Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде төрт ұпаймен үшінші орынға табан тіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

1/8 финалда нидерландтық футболшылар Румыниямен шеберлік байқасты.

Кездесуде олардың қатарынан Коди Гакпо 20-минутта есеп ашса, 83-минутта Дониэлл Мален мергендік танытты.

Ол 93-минутта тағы бір мәрте көзге түсті. Енді Нидерланд құрамасы ширек финалда 6 шілдеде Аустрия және Түркия жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Енді түнгі сағат 00.00-де Аустрия мен Түркия кездесуі басталады.

Ойын Лейпциг қаласындағы «Ред Булл-Арена - Центральштадион» стадионында өтеді.

Ширек финалда 5 шілдеде Испания мен Германия, Португалия мен Франция, 6 шілдеде Англия мен Швейцария кездеседі.

Euro-2024 Нидерланд ширек финал жолдама

Тақырыпқа жаңалықтар