Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Құлсарыда тіршілік жандана бастады
14 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Құлсарыда тіршілік жандана бастады

Атырау облысындағы Құлсары қаласында сауда орындары ашылып, автобус жүре бастады.Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуына қарағанда, суда орындары қалыпты жұмысына кірісті. Оның ішінде 100 азық-түлік дүкені, 2 ірі супермаркет, 3 ірі көтерме сауда базары бар. Сондай-ақ, 20-ға жуық дәріхана қайтадан ашылды.

Эльмира Сыздықова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
14 сәуір 2024 / Sport

Эльмира Сыздықова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін әйелдер құрамасының үздігі Эльмира Сыздықова қола жүлдені қанағат тұтты. 76 келі салмақта сынға түсіп жүрген отандасымыз Сыздықова осымен төртінші мәрте Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. Ол 2014, 2021 және 2023 жылы да Сарықұрлық біріншілігінде тура осылай үздік үшінші орыннан көрінген еді.

СҚО-дағы Бескөл ауылында 109 үй су астында қалды
14 сәуір 2024 / Новости Казахстана

СҚО-дағы Бескөл ауылында 109 үй су астында қалды

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында тұрғындар арнайы қызметтермен бірге су тасқынымен күресіп жатыр. Арнасынан шығып тасыған Есіл өзені жан-жақтан қаумалап, елді мекенге кіріп жатыр. Таңертеңнен бері 109 үй су астында қалды. Бескөл ауылы тұрғындарының айтуынша, бүгін түнімен ұйқы болмай бөгеттерді нығайтқан. Алайда таңғы сағат 7.30 шамасында бөгет Жамбыл көшесі жағынан қатты ағын суға шыдас бермей бұзылып, су ауылға лап берген. Екі сағаттың ішінде бірнеше үй суға кетті.

Дзюдо: Grand Slam, Grand Prix жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды
14 сәуір 2024 / Sport

Дзюдо: Grand Slam, Grand Prix жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды

Алматы облысында Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиыны аясында спортшыларды марапттау шарасы өтті. ҚР Дзюдо федерациясы мәлім еткендей, федерация президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен өткен кеште 2024 жылғы спорт маусымында жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген спортшылар ақшалай сыйлыққа ие болды.

Батыс Қазақстан облысында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды
14 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Батыс Қазақстан облысында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды. Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, оқиға 12 сәуір күні кешкісін Мұратсай ауылдық округінде болды. Ауыл маңындағы Мұратсай су қоймасынан 1 мыңнан астам киіктің өлексесі табылды.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер әлеуметтік азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етілуде
14 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер әлеуметтік азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етілуде

Ел бойынша әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі бір аптада 0,1%-ға төмендеді. Бұл ретте «айналым схемалары» бойынша өткен жылдан ӘМАТ сатып алудың орнына азық-түлік қорын қалыптастыра бастаған өңірлік тұрақтандыру қорлары маңызды рөл атқарды.

АҚШ билігі Иранның Израильге шабуыл жасағанын растады
14 сәуір 2024 / Мир

АҚШ билігі Иранның Израильге шабуыл жасағанын растады

АҚШ билігі Иранның Израильге шабуыл жасағанын растады. «Президент Байден өзінің ұлттық қауіпсіздік командасынан үнемі жаңалық алып отырады және олармен бүгін түстен кейін Ақ үйде кездеседі», - деді Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Эдриенн Уотсон мәлімдемесінде.