Спорт14 сәуір 2024, 10:00

Дзюдо: Grand Slam, Grand Prix жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды

Алматы облысында Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиыны аясында спортшыларды марапттау шарасы өтті. ҚР Дзюдо федерациясы мәлім еткендей, федерация президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен өткен кеште 2024 жылғы спорт маусымында жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген спортшылар ақшалай сыйлыққа ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Grand Slam кезеңдерінің күміс-қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова 1.7 млн, Grand Slam жарысының жеңімпазы Нұрқанат Серікбаев - 1 млн, Grand Slam кезеңдерінің қола жүлдегерлері Нұрлыхан Шархан, Данияр Шамшаев және Ғалия Тынбаева 400 мың теңгелік сертификаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев дзюдошыларға алдағы Азия чемпионатына сәттілік тіледі.

 

Grand Slam Дзюдо Grand Prix жүлдегерлер

Тақырыпқа жаңалықтар