Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Словакияның премьер-министрі Украинаны толық қолдайтынын мәлімдеді
12 сәуір 2024 / Мир

Словакияның премьер-министрі Украинаны толық қолдайтынын мәлімдеді

Словакияның премьер-министрі Украинаны толық қолдайтынын мәлімдеді.  Украина премьер-министрі Денис Шмыгальдың айтуынша, Украина мен Словакия үкіметтері 11 сәуірдегі келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге келісті. Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо Украинаның ЕО-ға тез арада қосылу талпыныстарына қолдау көрсетуге уәде берді.

Су тасқыны: 99 127 адам қауіпсіз жерге көшірілді
12 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Су тасқыны: 99 127 адам қауіпсіз жерге көшірілді

ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 00.00-дегі ақпаратты таратты. Азаматтық қорғау қызметтері 99 127 адамды, оның ішінде 36 365 баланы эвакуациялаған. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 516 адам, оның ішінде 3 167 бала бар.

3,5 мыңға жуық тұрғын үй әлі де су астында қалып отыр
12 сәуір 2024 / Новости Казахстана

3,5 мыңға жуық тұрғын үй әлі де су астында қалып отыр

Өңірлерге қолдау көрсету және су тасқыны салдарын барынша азайту жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. 8 өңірде төтенше жағдай режимі жалғасып жатыр.  3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды. 67 елдімекен көлік қатынасынсыз қалып отыр.

Ақтөбе: Ойылда газ құю бекетіндегі цистерна жарылды
12 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбе: Ойылда газ құю бекетіндегі цистерна жарылды

Ақтөбенің Ойыл ауданы орталығында газ құю бекетіндегі цистернаға өртеніп, жарылды. Аудан орталығы Ойыл ауылында газ құю бекеті өртенді. Кеше сағат шамамен 20:20-да Ойыл ауылы Ы.Алтынсарин көшесі 4 А мекенжайында орналасқан автогаз құю бекетінен 50 метр қашықта орналасқан жерасты газ цистернасының жарылысы болды. Адам шығыны жоқ. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс жүргізіп, өртті сөндірді, - деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қанат Бозымбаев қоғамдық ұйымдарды қайырымдылық көмек бөлуге  тартуды тапсырды
12 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Қанат Бозымбаев қоғамдық ұйымдарды қайырымдылық көмек бөлуге тартуды тапсырды

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек бөлуге қоғамдық ұйымдарды тартуды тапсырды.

Тасқын: Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылады
12 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Тасқын: Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылады

Қанат Бозымбаев су тасқыны кезінде дүрбелең тудыратын жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпараттар таратылып, табиғи апатпен күресіп жатқан адамдардың жұмысын қиындатып жатыр. Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев атап өткендей, мұндай жалған ақпараттар қоғамда, әсіресе зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудырады.

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына өтті
12 сәуір 2024 / Sport

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстандық, әлемнің 192-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Морелос (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына өтті. Жарыстың 8-ракеткасы Б.Жұқаев екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 430-сатыда тұрған америкалық Кристиан Лангмодан айласын асырды.

Еуропарламент босқындарды қабылдау туралы заңнамаға өзгертулерді мақұлдады
11 сәуір 2024 / Мир

Еуропарламент босқындарды қабылдау туралы заңнамаға өзгертулерді мақұлдады

Еуропарламент босқындарды қабылдау туралы заңнамаға өзгертулерді мақұлдады. Қабылданған реформаға сәйкес, ЕО-ның сыртқы шекараларында пана іздеушілерге қатысты процедура жеделдетіледі. Мәртебесін бекітуге мүмкіндігі аз болғандар тезірек депортацияланады, бұл туралы шешім де шекарада қабылданады.