Еуропарламент босқындарды қабылдау туралы заңнамаға өзгертулерді мақұлдады
Еуропарламент босқындарды қабылдау туралы заңнамаға өзгертулерді мақұлдады. Қабылданған реформаға сәйкес, ЕО-ның сыртқы шекараларында пана іздеушілерге қатысты процедура жеделдетіледі. Мәртебесін бекітуге мүмкіндігі аз болғандар тезірек депортацияланады, бұл туралы шешім де шекарада қабылданады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Босқындар квотаға сәйкес ЕО-ның әртүрлі елдері арасында бөлінеді.
Егер ел мигранттарды қабылдаудан бас тартса, оның орнына қаржылай көмек көрсетуі мүмкін.
Бұл босқындар бірінші келетін Испания, Италия, Греция, Кипр, Мальта және басқа мемлекеттерге түсетін салмақты азайту үшін қажет.
Сонымен қатар, салыстырмалы түрде қауіпсіз елдерден келген мигранттарға қатысты ережелер қатайтылады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: