22 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Биыл 14,4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2024 жылда 14 391 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 39% — Өзбекстаннан, 5,9% — Моңғолиядан, 5,2% — Түрікменстаннан, 2,9% — Ресейден және 1,2% басқа елдерден. «Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1%-ды және зейнеткерлер 9,3%-ды құрайды.