Ақмола облысында экологиялық таза пластик өндіретін астықты терең өңдеу зауыты салынады
ото: primeminister.kz
primeminister.kz
Қазақстан жаңалықтары2 қараша 2024, 9:00

Ақмола облысында экологиялық таза пластик өндіретін астықты терең өңдеу зауыты салынады

Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Dalian Hesheng Holding компаниясының (ҚХР) төрағасы Ван Вэньфэнгпен кездесті. Компания астықты терең өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында натрий глутаматы, амин қышқылдары және экологиялық таза пластик өндіретін астықты терең өңдеу зауытының құрылысы жоспарланған. Ван Вэньфэнг жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар тарапынан белсенді қолдау көрсетілгенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап жоба сәтті іске асырылады және өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая түседі деген сенім білдірді. 

 

Ақмола облысы экологиялық таза пластик астықты терең өңдеу Зауыт

Тақырыпқа жаңалықтар