Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Нью-Йоркте «Kazakhstan Finance Day» форумы өтті
29 қазан 2024 / Новости Казахстана

Нью-Йоркте «Kazakhstan Finance Day» форумы өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, АҚШ-тағы Елшілігі және Бас консулдығы ұйымдастыруымен, Citigroup, Mastercard, Visa, Solidcore Resources және АҚШ Сауда палатасымен серіктестікте Нью-Йоркте «Kazakhstan Finance Day» форумы өтті. Іс-шара Citigroup корпорациясының Нью-Йорктің іскерлік орталығындағы штаб-пәтерінде өтіп, екі елдің қаржы-экономикалық секторынан 450-ден астам өкілді жинады. Қатысушылардың арасында Blackstone, Ashmore, JP Morgan, Cerberus, Apollo Global Management, KKR, Bloomberg секілді Уолл Стриттің ірі инвесторларын біріктірді.

Дәрі-дәрмекті қаншалықты заңды жолмен жасалғанын тексеретін қосымша іске қосылды
29 қазан 2024 / Новости Казахстана

Дәрі-дәрмекті қаншалықты заңды жолмен жасалғанын тексеретін қосымша іске қосылды

Тұтынушылар дүкеннен азық-түлік сатып алғанда тауардың сапасына, шыққан күніне мән береді. Ал дәрі алғанда оның қашан және қаншалықты заңды жолмен жасалғанына көңіл бөле бермейді. Енді оны «Нақты өнім» мобильдік қосымшасы арқылы тексеруге болады. Бар болғаны дәрілік заттағы белгіні сканерлейсіз. Ары қарай сізге препараттың қай күні, қай елде шыққаны құрамы, тіпті соңғы рет қай дәріханада сатылымда тұрғанына дейін көрсетіледі. 

Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бес бап бойынша тіркелді
28 қазан 2024 / Новости Казахстана

Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бес бап бойынша тіркелді

Алматы облысы Талғар қаласындағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс аясында қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған. 

Өзбекстандағы парламент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды
28 қазан 2024 / Евразия

Өзбекстандағы парламент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

Өзбекстанда өткен парламент сайлауында 19,9 млн сайлаушының 74,72% дауыс берді.  Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысына сай, Заң шығару палатасындағы (парламенттің төменгі палатасы) жалпы саны 150 орынның 64-ін Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы иеленді. 

Атырауда итті ұрып, өртеген екі адам сотталды
28 қазан 2024 / Новости Казахстана

Атырауда итті ұрып, өртеген екі адам сотталды

Атырауда екі жігіттің бірі итті бағанаға байлап, артынша ұрған. Ал, екіншісі итке жанармай шашып өртеген. Сот итті өлтірген екеудің бас бостандығын 6 айға шектеді. Бұл теріс әрекет жұртшылықтың наразылығы мен түрлі пікіріне арқау болды. Жергілікті полиция күдіктінің бірін қамауға алған еді. Аталған қылмыстық іс Атырау облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Өйткені, сотталушының бірі кәмелет жасына толмаған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды
28 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған. 

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін пышақпен қорқытқан
28 қазан 2024 / Новости Казахстана

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін пышақпен қорқытқан

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы қолға түсті. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. 

Хасан, Фатима, Хусан: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
28 қазан 2024 / Новости Казахстана

Хасан, Фатима, Хусан: Түркістан облысында үшем дүниеге келді

№ 2 Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Сайрам ауданы Ақсу елді мекеніндегі Эгамбердиевтер отбасы бірден үш перзентпен толықты. 27 жастағы Назима Эгамбердиева екі ұлынан кейін 2 ұл мен 1 қыз босанды. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйлеріне шықты. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін жеткізді. 

Шольц Үндістанға қару-жарақ экспортын арттыруға ниетті
28 қазан 2024 / Мир

Шольц Үндістанға қару-жарақ экспортын арттыруға ниетті

Шольц Үндістанға қару-жарақ экспортын арттыруға ниетті. Германия Үндістанның Ресей жеткізіліміне тәуелділігін азайту үшін балама қару сатып алу мүмкіндігін жасағысы келеді. Германия канцлері мұны «прагматикалық саясатпен» және Оңтүстік Азия елінің «егемендігі мен тәуелсіздігін» нығайтуға ұмтылуымен негіздеді.