Өзбекстандағы парламент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды
Өзбекстанда өткен парламент сайлауында 19,9 млн сайлаушының 74,72% дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысына сай, Заң шығару палатасындағы (парламенттің төменгі палатасы) жалпы саны 150 орынның 64-ін Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы иеленді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ал «Милли тикланиш» («Ұлттық жаңғыру») демократиялық партиясы 29 мандат алса, «Адолат» («Әділет») социал-демократиялық партиясынан 21 депутат сайланады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Сонымен қатар, Халықтық-демократиялық партиясынан - 20 адам, Өзбекстанның экологиялық партиясынан 16 азамат депутат атанады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: