Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін пышақпен қорқытқан
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары28 қазан 2024, 16:00

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін пышақпен қорқытқан

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы қолға түсті. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Куәгерлердің видеосында ер адамның әуелі автобустың есігін теуіп, сосын пышақ сияқты көрінген затты сілтеп, жүргізушіні қорқытқаны көрінеді. Аталған жағдай Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасында болғандығы белгілі болды. Осы қылмысты ашу және оның объективті мән-жайларын анықтау үшін қаланың бейнебақылау жүйелеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адам анықталды», - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жәнібек Шынасылов, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті мен автобус жүргізушісі арасындағы кикілжің аялдама орнында тұрған көлікке өтіп бара жатқан адамның міну ниетінен туындағаны белгілі болды. Жүргізуші оған ескерту айтты, ал өтіп бара жатқан адам құрылыс пышағын шығарған. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Жәнібек Шынасылов.

Алматы автобус Пышақ бұзақы

Тақырыпқа жаңалықтар