Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Димаш Құдайбергеннің өміріндегі тылсым оқиғалар
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Димаш Құдайбергеннің өміріндегі тылсым оқиғалар

Қытайда «I,m а singer» байқауы өтіп жатқан кез. Осы ән додасына Құлагерін қосқан Димаш Құдайберген екінші айналымда Витастың «Опера-2» әнін шыр­қады. Сол күні әлеуметтік же­лідегі бұқараның таңдай қағысы мені еркімнен тыс Димаш атты әншімен табыстырды. Сол та­бысу­дың өзі мистикалық оқиға екенін ойласам, тұла бойым тоқ соққандай дір ете қалады. 

Қазақстанда VIP нөмірлер қанша тұрады
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда VIP нөмірлер қанша тұрады

Елімізде жыл басынан бері 31 667 адам автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді сатып алған. Ең арзан VIP нөмірлер: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 және цифрлық белгілеу нөмірлері бірдей әріпті нөмірлер. Әр нөмірдің құны 57 АЕК, яғни 210,330 теңгені құрайды. 

Автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан 17 адам ұсталды
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан 17 адам ұсталды

Ішкі істер министрлігі Алматыда көліктерді тіркеу бойынша қылмыстық схеманың жойылғаны туралы мәлімдеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды қолдан өзгерткен жерасты цехының жұмысы әшкереленген. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталған. 

Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған

Алматы облысының Балқаш аудандық сотында заңсыз лотерея ұйымдастырған Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың шілде айында Н. өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырып, "Jetour" маркалы автокөлігін ойнатқан. Лотереяға қатысу үшін 200 теңге көлеміндегі шексіз лотерея билетінің құнын Н.-ның жеке банктік шотына аудару қажет болған. 

Жемқорлық: Албанияның бұрынғы президенті қамауға алынды
22 қазан 2024 / Мир

Жемқорлық: Албанияның бұрынғы президенті қамауға алынды

Албанияның бұрынғы президенті және «Бостандық» партиясының негізін қалаушы Илир Мета Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратураның бұйрығымен ұсталды. Ол ақша жылыстату, сыбайлас жемқорлық пен кірісті жасырды деген күдікке ілінді. Тұтқындау кезінде Илир Мета қарсылық көрсетпек болған. Қамау фактісін оның адвокаты растады. 

Ауылға жұмысқа орналасқан дәрігерлерге 10 млн теңгеден берілген
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Ауылға жұмысқа орналасқан дәрігерлерге 10 млн теңгеден берілген

Жетісу облысында медициналық кадрларды тарту үшін алғаш рет ауылдық жерлерге жұмысқа келетін дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін көтерме төлемдер төлене бастады, ал қалада жұмысқа орналасқан мамандар 5 млн теңгеден алады. Әлеуметтік қолдау пакеті мен қаржылық ынталандыру биылғы жылы 9 дәрігерді ауылдық медициналық ұйымдарға тартуға мүмкіндік берді, тағы 16 дәрігер облыс орталығында жұмыс істеуге қалды. Қазан айына дейін жұмысқа қабылданған тағы 45 дәрігерге осы жыл соңына дейін көтерме ақы төлеу жоспарланып отыр. 

Өзбекстанда балаға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді
22 қазан 2024 / Евразия

Өзбекстанда балаға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді

Өзбекстанда балаларға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге тиісті өзгеріс енгізуді көздейтін заңға кеше ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды. Тиісті түзетуге сәйкес, Өзбекстанның Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарымен қорғалатын тұлғалар тобына балалар енгізілді. 

Жүкті әйелін пышақтаған тұрғын 15 жылға сотталды
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Жүкті әйелін пышақтаған тұрғын 15 жылға сотталды

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлағандай, сотталушы К. әйелінің жүкті екенін біле тұра, өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпаған. Ауыр дене жарақаттары салдарынан жерге құлаған жәбірленуші А.-ның дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан, ол жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп дене жарақатын салған. 

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы ұсынысын қарады. Бұл туралы Жоғарғы соттан мәлімдеді. Бұған дейін Жоғарғы Сот Н.Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.