Өзбекстанда балаға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді
Фото: pixabay
pixabay
Еуразия22 қазан 2024, 15:00

Өзбекстанда балаға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді

Өзбекстанда балаларға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге тиісті өзгеріс енгізуді көздейтін заңға кеше ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды. Тиісті түзетуге сәйкес, Өзбекстанның Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарымен қорғалатын тұлғалар тобына балалар енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл ретте егер бүлдіршін физикалық қысым көретін болса ғана күдіктінің үстінен аталған баптар бойынша іс қозғалатынын ескерген жөн, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сонымен қатар, Өзбекстанның Қылмыстық іс жүргізу кодексі де жаңа баптармен толықты. Атап айтқанда, енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты істерде тараптардың татуласу туралы өтініші тек сот талқылауы сатысында беріледі.

Бұған дейін Өзбекстанда медиация бойынша өтінішті істі алдын ала тергеу кезеңінде жолдауға болатын.

Өзбекстан зорлық-зомбылық Бала Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар