ЕуразияБүгін, 13:48

28 адам бір мезетте көз жұмды

Вьетнамда су тасқыны мен көшкіннен 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Вьетнамда бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны мен көшкін болды. Табиғи апаттан 28 адам қаза тауып, тағы 6 адам із-түзсіз жоғалған.

Ең көп зардап шеккен өңірлер Хюэ және Да Нанг қалалары. Шамамен 22 мыңнан астам үйді су басып, көптеген ғимаратқа зақым келген. Сондай-ақ 245 мыңға жуық отбасы жарықсыз қалған.

Кейбір пойыз бағыттары қайта іске қосылғанымен, бірнеше жол әлі де жабық. Синоптиктердің мәліметінше, нөсерлі жаңбыр 4 қараша түніне дейін жалғасуы мүмкін.

Вьетнам Су тасқыны көшкін табиғи апат
Кеше, 17:29 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:48 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 14:25 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар