Еуразия29 тамыз 2025, 12:05

Әншілерге артық салмақтан арылуға бұйрық берілді

Түрікменстан әншілеріне артық салмақтан арылуға бұйрық берілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұйрықты орындамаған әншілер сахнадан шеттетіледі.

Өнер адамдарына 27 қыркүйек күні болатын Тәуелсіздік күніне дейін артық салмақтан арылуға бұйрық берілді.

«Азаттық Азия» мәліметіне зер салсақ, арықтап үлгермеген әртістер сахнадан шеттетіледі. Еңбек сіңірген және халық әртісі атағына бар өнер иелеріне де ешқандай жеңілдік жасалмаған. Оларға да артық салмақтан арылу бұйырылған, әйтпесе сахнаға да, теледидарға да шыға алмайды.

Түрікменстан Әнші Өнер салмақ
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар