Ақсуда ер адам әйелді өлтіріп, денесін өртемек болған

Ақсуда әйелді ұрып өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртемек болған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 17 сәуірде қала шетіндегі жылу құбырларының маңында болған. Бірге ішімдік ішкен ер адам мен әйел сөзге келіп қалған. Сот мәліметінше, жанжалға әйелдің ер адамның марқұм анасын балағаттауы себеп болған.

Ер адам алдымен әйелдің бетінен жұдырықпен ұрып, кейін денесінен бірнеше рет тепкен. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Ақсу оқиға Жылу құбыры Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар