Декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлем алатын әйелдерге мемлекет есебінен қосымша зейнетақы жарналарын аудару тоқтатылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазір әйелдерге бала күтімі бойынша соңғы екі жылдағы орташа табысының 40%-ы төленеді. Осы сомадан 10% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады. Бұған дейін мемлекет декретке дейінгі жалақының 10%-ына жетпейтін айырманы қосымша аударып келген.

Мысалы, әйелдің орташа жалақысы 500 мың теңге болса, ай сайынғы зейнетақы жарнасы бұрын 50 мың теңгені құраған. Оның 20 мың теңгесін әйелдің төлемінен ұстаса, қалған 30 мың теңгенін мемлекет қосып төлеген.

Зейнетақы жарна Бала күтімі жалақы

Тақырыпқа жаңалықтар