Jaguar бензинмен жүретін соңғы автомобилін шығарды
Jaguar бензинмен жүретін соңғы автомобилін шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Jaguar бензинмен жүретін соңғы автомобилін шығарды. Ол F-Pace SVR кроссовері.
Англиядағы Jaguar зауытында классикалық іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған соңғы көлік құрастырылды. Бұдан былай бренд атауымен тек люкс санатындағы электрмобильдер ғана шығарылмақ.
CarExpert басылымының хабарлауынша, Jaguar жанармаймен жүретін соңғы моделін Англияның Солихалл қаласындағы зауытында жинаған. Марканың классикалық қозғалтқышы бар соңғы көлігі — 5,0 литрлік V8 қозғалтқышымен жабдықталған қуатты F-Pace SVR кроссовері.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: