Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы сотталды
Сеулдің Орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жары, бұрынғы бірінші ханым Ким Гон Хиге бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұрынғы бірінші ханым шіркеу мүдделеріне ықпал ету үшін қымбат сыйлықтар, соның ішінде Chanel сөмкелері мен алмазды алқа алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, сот Ким Гон Хиді акция бағаларын манипуляциялау және саяси қаржыландыру заңын бұзу бойынша айыптардан ақтады. Оған жеткілікті дәлел табылмады. Прокуратура қатаң жаза сұрап, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және ірі айыппұл салуды талап еткен еді. Сотталушы өз кінәсін жоққа шығарды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: