Өзбекстанда бала туғанда жәрдемақы төлеу ережесі өзгертілді
Өзбекстанда бала туғанда жәрдемақы төлеу ережесі өзгертілді. Абдулла Арипов басқаратын Өзбекстан үкіметі бала тууы бойынша жәрдемақы төлеу ережелері туралы жаңа қаулы шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Үкімет қаулысына сәйкес, Өзбекстанда 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап бала тууға байланысты жәрдемақы беру тәртібі өзгереді.
Енді бірінші балаға бір реттік жәрдемақы барлық әйелдерге берілмек.Бірақ бұл жәрдемақы екінші балаға барлығына берілмейді.
Үкімет ақшаны бала туылған кезде «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай тізілімінде» тіркелген отбасы мүшесі болып табылатын әйелдер ғана ала алады деп шешті.
Басқа жағдайларда жәрдемақы төленбейді. Төлем алу үшін өтініш жазу керек.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: