Мәслихат сайлауы: Кандидаттарға қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
ОСК кандидаттарға сайлау шығындары үшін бюджеттен қанша ақша бөлінетінін жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға:
Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға - 410 мың теңге;
Үгіт пен іс-шараларға - 180 мың теңге;
Жол шығындарына - 110 мың теңге.
Қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің шығындарына бөлінетін қаржы:
Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға - 400 мың теңге;
Үгіт пен іс-шараларға - 170 мың теңге;
Жол шығындарына - 80 мың теңге.
Аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға:
Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға - 290 мың теңге;
Үгіт пен іс-шараларға - 130 мың теңге;
Жол шығындарына - 80 мың теңге.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: