Еуразия5 наурыз 2024, 17:00

Қазақстанның гуманитарлық көмегі Қырғызстанға жетті

Қырғыз Республикасына Қазақстанның гуманитарлық жүгі тапсырылды. Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген 1000 тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Гуманитарлық көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді.

1 000 тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді.

Тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен жүзеге асты.

 

 

Қазақстан Қырғызстан гуманитарлық жүк

Тақырыпқа жаңалықтар