ЕуразияБүгін, 9:19

Вьетнамда дауылдан 5 адам опат болды

Вьетнамда дауылдан 5 адам опат болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Вьетнамда «Калмаэги» тайфунынан 5 адам опат болып, тағы 7 тұрғын жарақат алды. Дауылмен бірге жаңбыр жауып, су тасып, 3 мыңнан аса үй бүлінді. Жүздеген мың адам эвакуацияланды. 1,5 млн-нан астам тұрғын электр энергиясынан ажырап қалды. Апат салдарын жою үшін 260 мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылған.

Бұған дейін дүлей жел Филиппинде ойран салып, 188 адам көз жұмған еді. Елде іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Вьетнам дауыл Ауыл опат болды

Тақырыпқа жаңалықтар