ЕуразияБүгін, 9:22

Вьетнамда су тасқынынан 41 адам қаза тапты

Вьетнамда тоқтаусыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан 41 адам қаза тауып, 9 адам із-түзсіз жоғалған. 52 мыңнан астам үй су астында қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ең қатты зардап шеккен Хойан мен Нячанг қалалары. Дак Лак провинциясында да мыңдаған үй су астында қалып, кей туристік бағыт жабылды.

Мамандардың айтуынша, климаттың өзгеруі тайфун мен экстремалды ауа райының жиі болуына әсер етіп отыр.

Вьетнам Апат Жаңбыр Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар