Женевада Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруіне арналған жиын өтті
Женевада Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруіне арналған жиын өтті. Ел билігі нәтижеге жету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі жұмыс тобы Женевада сегізінші отырысын өткізді. Өзбекстан делегациясының құрамында премьер-министрдің орынбасары Джамшид Ходаев, экономика және ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ Президенттің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ДСҰ баспасөз қызметі хабарлады.
Топқа қатысушылар Өзбекстанның сыртқы саудасының қазіргі жағдайын талқылады.Олар ДСҰ-ға кіруге дайындық бойынша республикада енгізілген реформаларға ерекше назар аударды. Жұмыс тобының төрағасы, Оңтүстік Корея Елшісі Юн Сон Док келіссөздер қарқыны үдей түскенін, бұл барлық тараптардың нәтижелі жұмысының көрсеткіші екенін атап өтті.
Ходаев Өзбекстан үкіметі елді ДСҰ-ға интеграциялау бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Заңнама кезең-кезеңімен ұйымның ережелеріне бейімделуде, алымдар, зияткерлік меншік құқығы, санитарлық және фитосанитарлық бақылау, сондай-ақ кеден жұмысы туралы заңдарға түзетулер енгізілуде.