Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші 5 тәулікке қамалды
Астанада Mercedes-Benz және Toyota көліктерінің жүргізушілері жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция мәліметінше, олар Республика даңғылында көліктерін жолға көлденең қойып, өзге жүргізушілердің қозғалысына әдейі бөгет жасаған.
Сот шешімімен жасы 19 бен 35 аралығындағы төрт азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Бұдан бөлек, жол ережесін бұзған тағы 7 жүргізуші жауапқа тартылып, 4 көлік айыптұраққа қойылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: