Эхо МосквыКеше, 10:29

Мәскеудегі Crocus City Hall-дағы теракт: 15 адам өмір бойына сотталды

Мәскеудегі Crocus City Hall-дағы теракт бойынша 15 адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

152 адамның өмірін жалмаған Crocus City Hall кешенінде болған "лаңкестік шабуылға қатысты" шешім енді шықты.

Терактіні тікелей жүзеге асырды деген Далержон Мирзоев, Саидакрами Рачабализода, Шамсидин Фаридуни және Мухаммадсобир Файзов өмір бойына сотталды.

Сонымен қатар әрқайсысына 990 мың рубль айыппұл салынды.

Тағы төрт айыпталушы 19 жыл 11 айдан 22 жарым жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мәскеу Теракт сотталды Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар