SCAT ұшағы Алматының орнына Астанаға қонды: жолаушылар наразылық білдірді
Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы борттық жүйедегі ескерту индикаторы іске қосылғаннан кейін Астанаға қонды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жолаушылардың айтуынша, ұшақтан түскен соң олар бірнеше сағат бойы сусыз, тамақсыз күткен. Осы уақыт ішінде алдағы сапарға қатысты ақпарат ала алмағандарын да жеткізді. Бұған қоса, кей жолаушылар бортсеріктердің дөрекі жауап бергеніне шағымданған.
Әуе компаниясы экипаждың Астанаға қону туралы шешім қабылдағанын растап, қонудың штаттық режимде өткенін мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: