Эхо Москвы•Бүгін, 15:23

Украиналық дрондар Санкт-Петербургке шабуыл жасады

18 қазанға қараған түні украиналық дрондар Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысына жаппай шабуыл жасады. Салдарынан жанармай нысандарында өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің деректер орталығына, электр қосалқы станциясына және автокөлік көпіріне соққы жасалды.

Санкт-Петербург қаласының мэрі Александр Беглов дрон шабуылы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алғанын хабарлады.

Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконың айтуынша, Гатчина қаласында дрон сынықтары көпқабатты тұрғын үйге құлаған. Ломоносов ауданындағы Новоселье елді мекенінде тұрақта тұрған 55 автокөлік зақымданды. Электр қуаты апатты жағдайда уақытша өшірілді.

Ресей Санк-Петербург Шабуыл Өрт
16 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
15 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
16 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар