Ресей Павел Дуровқа іздеу жариялады
Ресей Павел Дуровқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Арнайы қызметтің мәліметінше, Telegram әкімшілігі Украинаның арнайы қызметтері, сондай-ақ террористік және экстремистік ұйымдар Ресейде «жаппай кісі өлтіру, диверсиялық-террористік актілер дайындау және кибер-алаяқтық жасау» үшін пайдаланатын көптеген арналар, чаттар мен боттарды жоймаған.
ФҚҚ өкілдері Украинаның арнайы қызметтері Ресей азаматтарын диверсиялық әрекеттерге тарту мақсатында Telegram-дағы танымал боттардың бірін белсенді қолданғанын атап өтті. Ведомство бұл құқық бұзушылықтардың арты адам шығынына және ірі материалдық залалға әкеп соқтырғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: