Әлем7 желтоқсан 2023, 16:12

1 қаңтардан бастап Ресейден алмаз импортына G7 тыйым салады

G7 1 қаңтардан бастап Ресейден алмаз импортына тыйым салады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы The Bell 6 желтоқсанда өткен G7 елдері көшбасшыларының онлайн кездесуінің коммюникесіне сілтеме жасап жазады.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясында өндірілген немесе өңделген алмаздарды әкелуге шектеулер күшіне енеді.

Үшінші елдерде өңделген ресейлік гауһар тастарды әкелуге тыйым 1 наурыздан бастап біртіндеп еніп, ақыры қыркүйекте күшіне енеді.

G7, сондай-ақ, ресейлік мұнай бағасының шегінің сақталуына және санкцияларды айналып өтуге бақылауды күшейтуді көздеп отыр.

«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Украинаға келтірілген шығынды Ресей Федерациясы өтеуге тиіс екенін атап өтті, қазір ол 400 миллиард долларға бағаланып отыр.

G7 Ресей алмаз тыйым салу

Тақырыпқа жаңалықтар