7 адам бір мезетте жантүршігерлік жағдайда көз жұмды
Йеменде су тасқыны жеті адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Йеменде нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан төрт провинцияда жеті адам қаза тапты, олардың бесеуі – балалар.
Жергілікті билік дерегінше, ең көп зардап шеккен өңірлер – Шабва, Хадрамаут, Лахдж және Хадджа провинциялары.
Лахдж провинциясындағы Тубен ауданында бір адам суға ағып кетті, бес адам құтқарылды, олардың көліктерін су басып қалған. Сондай-ақ бірнеше үйдің қирағаны хабарланды.
Йемен Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шабва мен Хадрамаутта екі бала мен тағы бір адам су тасқынынан қаза тапты.
Бұған дейін хуситтер бақылауындағы «26 September Net» сайты Хадджа провинциясында үш баланың қаза тауып, бір үйдің қирағанын хабарлаған болатын.
Елдің метеорологиялық және ерте ескерту орталығы алдағы сағаттарда қатты жауын-шашынның жалғасатынын ескертті.