ӘлемБүгін, 18:28

8 жыл энергетик ішкен жігіт жүре алмай қалды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 22 жастағы Артём есімді жігіт энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың салдарынан жүре алмай қалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол компьютерлік ойындарға 16 жасынан әуестеніп, түнгі ойын сеанстары кезінде сергек болу үшін энергетиктерді ішуді әдетке айналдырған. Бастапқыда бір бөтелкемен шектелсе, уақыт өте келе күніне үш бөтелкеге дейін ішетін болған. Оның үстіне, көбіне аш қарынға ішкен.

Бірнеше жыл өткен соң, денсаулығы күрт нашарлаған:

ұйқы безі өлі тінге айнала бастаған, некроз дамыған;

процесс бауыр мен көкбауырға әсер еткен;

дауысы жоғалған;

психикалық жағдайы нашарлаған.

энергетик сусын Дәрігер Аурухана

Тақырыпқа жаңалықтар