Алтынды ұлтарағының астына жасырып өтпек болған адам ұсталды
Қырғызстан азаматы Қазақстаннан Қытайға 182 млн теңге тұратын алтынды заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әйел Қырғызстаннан 6 алтын құймасын сатып алып, Қазақстан арқылы өтпек болған. Алтынның жалпы салмағы 2,8 келі, деп хабарлады Бас прокуратура.
Алтын құймалар «Қорғас» шекара маңы орталығында бақылау кезінде анықталған. Сот шешімімен алтын тәркіленіп, мемлекет меншігіне тапсырылды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: