Қарағандыда автобус жүргізушісі қарт жолаушыны жолдан түсіріп, азық-түлігін таптап кеткен
Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушісі автобусқа көкөніс пен жеміс-жидек салынған бірнеше жәшікпен кірген қарт адамды түсіріп жіберген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жолаушының өзімен бірге алып кірген жәшіктері мен сөмкелерінің көптігіне наразылық білдіріп, автобустан шығуын талап еткен.
Алайда оқиға мұнымен аяқталмады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жүргізуші аялдамада қалған қарт адамның көкөніс пен жеміс-жидек салынған жәшіктерін автобустың дөңгелегімен басып өткен.
Қалалық жолаушылар көлігі бөлімі жүргізушінің жұмыстан шеттетілгенін және кейін қызметінен босатылғанын хабарлады. Ал оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: