Аптап ыстық салдарынан 5 адам ажал құшты
Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.
Күн сайын 100 адам медициналық көмекке жүгініп жатыр. Ауа температурасы бірнеше күннен бері 35 градустан асып тұр. Ел аумағы үш теңізбен қоршалғандықтан, ылғалдылық өте жоғары. Сол себепті тұрғындардың тыныс алуы қиындап, денсаулықтарына кері әсерін тигізуде.
Биыл аптап ыстық әдеттегіден бір ай ерте басталды. Осы аралықта 650 адам зардап шекті.Дені күн өту салдарынан жапа шегуде. 5 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың басым бөлігі егде жаста.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: