Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
Компанияның мәліметінше, «ҚТЖ» ҰК» штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ. Жолаушылар мен жүк тасымалы толық көлемде жүзеге асырылып жатыр.
Қозғалыс қауіпсіздігі мен пойыздардың кестеге сай жүруі тұрақты бақылауда. Сондай-ақ компания жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемесін толық орындап жатқанын мәлімдеді.
ҰҚК «Самұрық-Қазына» төрағасы Нұрлан Жақыповтың, «ҚТЖ» төрағасы Елжас Отыншиевтің және өзге де тұлғалардың ұсталғанын мәлімдеген еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: