Әлем26 сәуір 2024, 13:00

АҚШ: Ресей ядролық жерсерігін жасап жатыр

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан Ресейдің ядролық оқтұмсықты тасымалдай алатын жаңа спутниктік қару түрімен айналысып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сол себепті, Салливан Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ пен Жапонияның жаппай қырып-жою қаруын ғарышта орналастыруға тыйым салу туралы қарар жобасына вето қойғанына сенімді.

"Біз президент Путиннің Ресейдің ғарышқа ядролық қаруды орналастыру ниеті жоқ екенін ашық айтқанын естідік. Егер солай болса, Ресей бұл қарарға вето қоймас еді", - деді Салливан.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова қарарға тосқауыл қоюды Мәскеу мен Бейжің ұсынған түзетулердің құжатқа енгізілмегендігімен түсіндірді.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя олардың мәнін бұл тыйым ғарышта тек ядролық қаруды емес, кәдімгі қаруды орналастыруға қатысты болуы керек деп түсіндірді.

ядролық жерсерік АҚШ Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар