АҚШ Сенаты Украинаға көмек көрсетуді қолдады
АҚШ сенаты Украинаға 1 миллиард долларлық көмек көрсетуді қолдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бірнеше аптаға созылған келіссөздерден кейін сенат сейсенбі күні таңертең (жергілікті уақыт бойынша) заң жобасын қабылдады, ол енді Өкілдер палатасына жіберіледі.
Дегенмен бұл пакет Конгресстің басқа палатасында қабылданып-қабылданбайтыны әзірге белгісіз.
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы орындардың көпшілігі республикашылдарға тиесілі.
Қаражат бөлуді 100 сенатордың 70-і қолдап, 29-ы қарсы дауыс берді.
Жалпы алғанда, көмек пакеті шамамен 88 миллиард еуроны құрайды.
Украинадан бөлек Израиль мен Тайвань да қаржы алады.
Украинаға бөлінген сома 56 миллиард еуродан аспайды.
Соғыс басталған 2022 жылдың ақпанынан бері АҚШ президенті Джо Байден үкіметі Украинаға жалпы сомасы 41 миллиард еуроға әскери көмек көрсетті.