Ауғанстандағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 300-ге жетті
Ауғанстанда маусымдық нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны жүздеген адамның өмірін қиып, мыңнан астам үйді қиратты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұдан бұрын да су тасқыны бірнеше аумақта үйлер мен мүліктерге зақым келтіргені хабарланған болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Табиғи апаттарды басқару министрлігінің Талибан өкілінің айтуынша, су тасқыны Кабулға да әсер етті. Оның айтуынша, зардап шеккен аймақтарға азық-түлік және басқа да көмектері бар құтқару топтары жіберілген.
Сәуірде толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны ел бойынша кем дегенде 70 адамның өмірін қиды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: