Австрия ресейлік газдан бас тартқысы келеді
«Біз ресейлік газдан бас тарту үшін келісімдерден шығудың жолын дайындауымыз керек», - деді Австрияның энергетика министрі Леоноре Гевесслер, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның айтуынша, ресейлік газға жоғары тәуелділік Австрияның экономикасы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.
Австрияның OMV мұнай-газ концерні қажет болған жағдайда өз тұтынушыларын Ресейден емес, басқа жерден газбен қамтамасыз ете алатынын мәлімдеді.
2023 жылдың желтоқсанында Австрия нарығындағы Ресей Федерациясынан келетін газдың үлесі 98 пайызға жетті.
OMV "Газпроммен" жасасқан келісімшарттар 2040 жылға дейін жарамды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: