Әлем17 қаңтар 2024, 17:23

Австрияда күйеу жігіт үйлену тойы кезінде қамауға алынды

Австрияда күйеу жігіт үйлену тойы кезінде қамауға алынды, оны қазір депортациялауға ниетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

27 жастағы Хамза мен 40 жастағы Гундуланың неке қиюға уақыты болмады, тәртіп сақшылары салтанатты шара басталарда баса-көктеп кіріп келді. 

         ФОТО: BILD

Хамза қазір қамауда, Түркияға депортациялануын күтіп отыр. Оны тура сол әуежайдан әскери қызметке алып кетуі мүмкін, дейді оның адвокаты.

Қалыңдықтың айтуынша, неке рәсімін өткізетін қызметкер «бірдеңе алу үшін» залдан шығып кеткен кезде көші-қон қызметкерлері сау етіп кіріп келген. Бұл оқиғадан кейін қалыңдыққа психологиялық көмек керек болды.

«Бізді осындай масқара қылып, психологиялық жарақаттан құтқаратын, мысалы,бізді жұмыста немесе үйде ұстап алуға қаншама мүмкіндіктері болды», - дейді ол.

Гундуланың ұлты неміс, ол Австрияда 17 жыл тұрды.

Ерлі-зайыптылар бір жарым жыл бұрын жұмыста танысқан: Хамза бистрода аспазшы болып жұмыс істейді, ал Гундула сонда даяшы болып қосымша жұмыс істейді.

Австрия үйлену той Қамау Депортация

Тақырыпқа жаңалықтар